Орталықтың хабарлауынша биыл берілетін гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз, сол сияқты бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер бойынша грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
• 29 жасқа дейінгі жастар,
• әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері – АӘК алушылар,
• көпбалалы отбасы – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар,
• қандастар, қоныс аударушылар,
• жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар,
• еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар (мүгедектер),
• асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2022 жылға 1 225 200 теңгені құрайды) өтеусіз және қайтарымсыз негізде бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Ұлттық жобаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтініш беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының ішкі жүйесі болып саналатын business.enbek-кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында өтінім береді.
Грант алудың міндетті шарттары:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы 3 (үш) жыл ішінде сертификатты алған күннен бастап есептеледі;
2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;
3) комиссияның оң шешімінің болуы.
Грант алу үшін өтінімдер лектер (поток) бойынша:
I лек (2022 жылғы 1-14 сәуір);
II лек (2022 жылғы 8-19 тамыз);
III лек (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек);
IV лек (2022 жылғы 19 -30 қыркүйек) портал арқылы «Business.enbek.kz» онлайн режимінде жүзеге асырылады.