06 Мамыр, 2014

Атырауда көшенің асфальты ойылып, көлік түсіп кетті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойылган асфальт салдары

АТЫРАУ. 6 мамыр. Облыс орталығындағы Азаттық-Тельман көшелерінің қиылысында жол асфальты опырылып, көліктің алдыңғы дөңгелегі түсіп кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 5 мамыр күні кешке болған. Мұндай оқыс жағдай Атырауда алғаш рет тіркеліп отыр. «BMW» көлігінің жүргізушісі Азаттық  көшесімен келе жатып, Тельман көшесіне бұрылған сәтте жолдың асфальты опырылып түскен. Салдарынан тереңдігі шамамен 1,5-2 метрлік шұңқыр пайда болған. Болған жайттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ойылган асфальт

Оқиға орнына жеткен ішкі істер департаментінің және «АтырауСуАрнасы» кәсіпорнының мамандары асфальттың опырылып кетуіне не болғанын анықтауға кірісті. Жолдасбек Шөпеғұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: egemen.kz.