06 Мамыр, 2014

Ақмола облысының әкімі аппаратына басшы тағайындалды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-кокшетау

КӨКШЕТАУ. 6 мамыр. Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетовтің өкімімен облыс әкімдігі аппаратының басшысы болып Талғат Бөлтенов тағайындалды.  Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Т.Бөлтенов 1970 жылы туған. Білімі жоғары. Инженер-механик, қаржыгер-экономист. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, есеп және статистика республикалық салааралық институтын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. 1996-1999 жылдары коммерциялық салада түрлі қызметтер атқарды. 1999 жылдан -  мемлекеттік қызметте. Бас маман қызметінен, бөлім меңгерушісі, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Жаңа тағайындауға дейін облыстық қаржы басқармасының басшысы болып қызмет қызмет етті. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фото: tengrinews.kz.