06 Мамыр, 2014

Павлодар облыстық қаржы басқармасына басшы тағайындалды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-павлодар

ПАВЛОДАР. 6 мамыр. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың  бұйрығымен Олжас Шарапиденов  облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. О.Шарапиденов 1980 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын Павлодар облысының облыстық басқармаларынан бастаған. Орталық мемлекеттік органдарда қаржы саласында еңбектенген.  10 жылдан астам уақыт бойы Көлік және коммуникация, Экономика және бюджетті жоспарлау, Әділет министрліктерінде қызмет атқарған. Облыс басшысы қаржы басқармасының жаңа жетекшісіне бірқатар міндет жүктеді. Олардың арасында бюджеттің игерілу деңгейін көтеру, жекешелендіру мен мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бар. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фото: keden.kz.