06 Мамыр, 2014

«ҚазАгроИнновация» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-05-14-satybaldin-1

АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева кеше «ҚазАгроИнновация» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын  - Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлын таныстырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады. Ә.Сатыбалдин 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылында туған. Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы - экономист-ұйымдастырушы. 1983 жылы еңбек жолын Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі болудан бастаған. Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтында кіші және аға ғылыми қызметкер, Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Қазақ Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының бас ғылыми хатшысы, Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры, Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры, Аграрлық ғылымдар бойынша Ғылым академиясының вице-президенті, Ғылым министрлігі Ғылым академиясының вице-президенті, ТҚХК түрік тілді елдердің интеграциялық байланысын зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысындағы аумақтық басқарма бастығы -Тәртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен марапатталған. Бұған дейін Ә.Сатыбалдин ҚАИ АҚ басқарма төрағасы міндетін уақытша атқарушысының орынбасары болған. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: ҚазАқпарат.