Қоғам • 10 Тамыз, 2022

«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл даму» АҚ «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы ЖШС-ның расталған міндеттемелері бойынша «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжаттарын уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінде 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді.

«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, авто­ко­м­поненттер мен қаптама қал­дық­тарын жинап, кәдеге жарату бойынша «EcoQolday» жобасына қатысқан кәсіпорындардың рас­талған міндеттемелері орындалатыны туралы хабарланған болатын. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторымен жасалған бұрынғы шарттар шең­берінде міндеттемелерін орында­ған, көрсетілген қызметтерді құжат жүзінде растаған контрагенттерге 2021 жылдың төрт тоқсаны үшін төлем жүргізіледі.

Төлемдерді алу үшін «Өнді­ру­шілердің кеңейтілген міндет­те­ме­лері» операторы ЖШС-мен жасал­ған шарттың құқықтар мен міндет­те­мелерін кәсіпорындар «Жасыл даму» АҚ-ға беру жөнінде жазбаша келісім мен негіздемелік шартқа қосымша үшжақты келісім және 2022 жылғы сәуірдің 30 дейінгі са­лыс­тыру актілерін ұсынуы қажет.