Ән көп, әнші көп. Әнші жасап шығарушылар көп. Елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын басталған «Суперстар», «Х-фактор» музыкалық байқаулары орындаушылардың тұтас бір толқынын сахнаға шығарғаны есте. Табиғи дарыны бар тасты жарып шықты, жоғы орта жолдан қайтты. Солардың бірі – «Х-фактор» музыкалық байқауының алғашқы жеңімпазы, мәреде марқұм Мәдина Ералиеваның орындауындағы әдемі ән «Айқаракөзді» мөлдірете орындауымен есте қалған Дария Ғабдулл. Дария музыкалық өнер бакалавры мамандығының үздігі. Жуырда жас әншіге өзімізді қызықтырған сауалдарды қойған едік.
– Дария, сені алғашқы «Х-фактор» жеңімпазы ретінде танимыз. Жобадан кейінгі шығармашылығың қалай өрбіді? «Sony Music» компаниясымен арада жасалған келісімшарт саған қандай мүмкіндіктерге жол ашты?
– «Х-фактор» музыкалық байқауының шарты бойынша байқау жеңімпазы «Sony Music» халықаралық дыбыс жазу компаниясымен келісмшартқа отыру құқын алатыны алдын ала жарияланған болатын. Бұл – атақты Бейонсэ, Уитни Хьюстон, Джордж Майкл, Кристина Агилера, Шакира, Бритни Спирс, Леона Льюис секілді орындаушылар өз композицияларын жазуға келісімшартқа отырған биік талғамды, жоғары сапалы дыбыс жазу компаниясы. Менімен арада жасалған келісімшарт олардың Орталық Азия аймағы мен Қазақстан атынан шығатын алғашқы орындаушымен бірінші рет жасап отырған келісімшарты екен. Бұл менің өмірімдегі ең алғашқы келісімшарт болды. Сондықтан сол сәтте менің жан дүниемде не болып жатқанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Екі жылға созылған біздің әріптестігіміз жемісті – «An affair» («Сүйемін»), «More» («Бәрі менің қолымда»), «Take my love» («Біз бөлінбейтін жандармыз») секілді үш әннің тұсауы кесілді. Алғашқы әнге Польшада клип түсірдік. Жақсы жандармен таныстым. Мақсатым көп. Ойластырған жобаларым да бар.
– «Х-фактор» музыкалық байқауы өміріңе қаншалықты өзгеріс әкелді?
– Музыкалық байқау өзім бала жастан армандаған үлкен сахнаға жол ашты. Көптеген достар, жасы үлкен әріптестер таптым, жақсы адамдармен таныстым. Иә, Алматы қаласы менің армандарыма қол жеткізуге мүмкіндік берді. Үлкен сарайларда ән шырқадым. «Х-фактор» жобасы сахна қасиетін ұқтырды.
– Өзің қатысқан «Славян базары» жобасы қалай өтті? Жеңімпаздар қатарынан көріну мақсатың орындалды ма?
– «Славян базары» өмірімдегі «Х-фактор» музыкалық жобасынан кейінгі екінші баспалдақ болды. Бұл – белгілі, жоғары деңгейдегі халықаралық конкурс. Осының барлығын өз көзіммен көріп, түсіну бақыты бұйырды. Әр елден келген, жеңімпаз болғысы келетін 20 мықты әншінің ішінен алдыңғы орында көріндім. Бұдан да жоғары бағаға қолым жетуші еді, тек мен жіберген қателіктерімді түсіндім. Осы жерде бұрынғы ұстазым А.Шевченконың сөзі есіме түсіп отыр, «біз ала алмаған асу, тек шыңдай түседі». Жеңімпаз атанған әншілерден жеңілу маған ұят емес, оның үстіне менің көзқарасым бойынша бас жүлдені армениялық әнші Русланның алғаны әлдеқайда әділдірек болар ма еді деген ой қалды. Барлық әншілер – мықты орындаушылар. Өз елінің үкілеген үміттері, мойындалған мықтылары. Олармен кездесіп, әр елдің мәдениетімен танысқаныма ризамын.
– Бос уақытыңды қалай өткізесің?
– Өзің ұнататын іспен айналыссаң, бос уақытың да осы іске арналады екен. Бос уақытымды пайдасыз өткізбеуге тырысамын. Өлең, ән жазамын. Музыкалық әдебиеттерді оқимын. Қазір айналысып жатқан істерімнің барлығы да болашақта қажетті, керек дүниелер.
– Қасыңнан қандай жақсы қасиеті бар ерді көргің келеді?
– Адал, сенімді әрі тәрбиелі. Өйткені, осы үш қасиет кез келген жанды сипаттап, бір-біріне тығыз байланысты деп ойлаймын.
Әңгімелескен
Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
• 07 Мамыр, 2014
«Бақыт – көпқырлы ұғым» – дейді жас әнші Дария Ғабдулл

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58