07 Мамыр, 2014

«Ауға» балық емес, браконьерлер түсті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Теңіздегі тыйым салынған байлықтарды заңсыз аулайтындар заң алдында жауапты. Солай бола тұ­ра, оңай олжа іздегендер қарасы әлі үзілді дей алмай­мыз. Мамырдың мерекелі күн­де­­ріндегі жаймашуақ демалыс­та осындай кәсіппен 12 азамат ұс­талған. «Жағалау күзеті» өңір­­­­лік басқармасының теңіз шека­рашылары ұстаған бра­ко­нь­ерлердің барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтары. Шекарашылар теңіз үстіндегі олжақұмарларды күнделікті әске­ри қызмет барысында бра­конь­ерлік қызметтің жолын кесу, су ресурстарын қорғау, сон­дай-ақ «Бекіре-2014» кең ауқым­ды балық қорғау акциясы аясын­да қолға түсірген. Олардан «Ка­занка» типті моторлы 4 қайық тәркі­ленген және 29 000 метр ау, 13 500 метр қармақ тапқан. Ау мен қармақтың жалпы саны 6 750 дана. Табылған 306 бекіренің 26-сы тірі, 280-і өлі күйінде болған және бұдан басқа бір центнерге жуық балық пен 18 өлі итбалық тәркіленіпті. Заң бұзғандар енді заңға сай жауапкершілікке тартылатын болады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.
Соңғы жаңалықтар