Оқиға • 11 Тамыз, 2022

«Жас өрен» байқауы шақырады

1811 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Балалар жылына орай Пре­зидент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комиссия балалар әні және балалар поэ­зиясына арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялады.

«Жас өрен» байқауы шақырады

Еліміздің бүкіл аумағын қамтитын конкурс 15 қазанға дейін өткізіледі. Байқаудың мақсаты – патриотизм мен ұлт мәдениетін насихаттау, жас ерекшелігі талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, балабақша және мектеп жасындағы балалардың репертуарын толықтыру.

Шығармалар отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, та­биғат және тағы басқа ер­кін та­қырыпта жазылады. Кон­­курс балаларға арналған ән­дер (ба­лабақша және мектеп жа­сындағы балалар әндері) және ба­лалар поэзиясы (еркін тақы­рып­тағы тақпақ, өлең, жыр туын­дылары) аталымдары бойынша өткізіледі. Бұл ретте бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға талаптанушылар құжаттар мен материалдарын қоса 15 қазанға дейін өз өтінімдерін жібере ала­ды. Бұл үшін: PDF форматында жеке куәлігі құжатының кө­шірмесі; шығармашылық өмір­баяны; қатысушының 13х18 см өлшеміндегі түрлі-түсті фото­суреті (JPEG); туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы; екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөл­шері – 14, жоларалық интервал – бір жолдық) жолдануы керек. Сондай-ақ әндер номинациясына партитура және клавир (Finale немесе Sibelius ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында) және екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама болғаны жөн. Өтінімдер [email protected] электронды поштасына жі­беріледі. Анықтама телефоны: 8 775 145 90 53.

Байқаудың қазылар алқа­сының құрамына еңбек сіңір­ген мәдениет және өнер қай­рат­керлері, қоғам қайраткерлері, мем­лекеттік ұйымдардың өкіл­дері кіреді.

Конкурс номинациялары бо­йын­ша ақшалай жүлделер былай белгіленеді: Бас жүлде – 1 млн теңге екі номинацияға ортақ. «Балаларға арналған әндер» номинациясы бойынша І орын (1 жүлдегер) – 700 мың теңге, ІІ орын (2 жүлдегер) – 500 жүз мың теңге, ІІІ орын (2 жүлдегер) – 300 мың теңге. Дипломант

(3 жүлдегер) – 70 мың теңге. Ал «Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша І орын (1 жүлдегер) – 700 мың) теңге, ІІ орын

(2 жүлдегер) – 500 мың теңге, ІІІ орын (2 жүлдегер) – 300 мың) теңге, Дипломант (3 жүлдегер) – 70 мың теңге.

Конкурсқа қатысушылар бір­неше номинацияға бір мез­гілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен бір туындыны ғана ұсына алады. Әнге қатысты шығарма өңделген (аранжировка) нұсқада болса болады. Конкурсқа ұсынылған туындылар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқаудың қорытындысы 25 қазанда жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында гала-концерт түрінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45