Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков жұмыс сапары барысында Ақмола облысының Жарқайың ауданында болды. Сенатор сапар барысында ауданның ауыл шаруашылығы саласының ахуалымен, облыстық маңызы бар Далабай-Державинск жолының жай-күйімен және Пятигорск ауылының егін жинау науқанына дайындық барысымен танысты. Парламент мүшесі Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру нысандарын да аралады. Жұмыс сапары аясында Дәурен Әділбеков Ақмола облысының Есіл ауданында да болып, Двуречное ауылындағы сервистік әкімдік ғимаратын жөндеу барысынан хабардар болды. Сенатор бұл жоба мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол сондай-ақ Курское ауылының ішкі жолдарын жаңғырту барысымен танысты. Депутат Жақсы ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Атқарылған жұмыстар мен жоспарларды назарға алды.
Дәурен Әділбековтің сапары Ақмола облысының Қорғалжын ауданында жалғасты. Депутат Сабынды және Кенбидайық ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысанының жұмысымен, сондай-ақ «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК жөндеу жұмысының барысымен танысты. Сенатор су құбыры Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге арналғанын ескере отырып, объектідегі жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңызды екенін атап өтті. Парламент мүшесі өңірдегі шаруалармен де кездесті. Жылыжай қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы айтып берді және ауыл тұрғындарын толғандырып отырған өзекті мәселелерді талқылады. Сенатор Сабынды ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы мен мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген халықтың табысын арттыру бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сенаттың Қаржы және бюджет комиетінің хатшысы Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолы, Сайын – Ақын Сара, Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлікке арналған жолайрықтар құрылысының алаңдарында болды. Сенатор құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысып, қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудың келешегін талқылады. Сұлтанбек Мәкежанов Медеу ауданының Алатау шағын ауданындағы №7 жалпы білім беретін мектеп пен қалалық ауруханада да болды. Депутат жаңа оқу жылына дайындықпен танысты және медициналық мекеме ұжымымен кездесті. Парламент мүшесі кездесу барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, өткен сессияда қабылданған заңдардың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Депутат Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысының Шиелі ауданында болды. Сенатор сапар барысында Шиелі кенті, Бәйтерек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көпір құрылысында, мектептерде, спорттық-сауықтыру кешенінде болып, №148 мектептің бу қазандығының қысқа дайындығын көрді. Парламент мүшесі Талаптан ауылдық округіндегі спорт мектебіне де барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Елді мекендердің тұрғындары өз кезегінде ұсыныстарын айтып, аудандағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне үміт артатынын айтты.
Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкентте қалалық мәслихат депутаттарымен, салалық басқармалардың басшыларымен кездесіп, балаларға арналған спорт секцияларын қаржыландыру мәселелерін талқылады және Art sport бағдарламасына қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Депутат өз сөзінде Шымкентте 250 мыңға жуық оқушы бар екенін, сондықтан балаларға спортпен және шығармашылықпен айналысуға қосымша мүмкіндік беретін Art Sport жобасы қалаға өте қажет екенін атап өтті. Депутат кездесуді қорытындылай келіп, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, оның ішінде Art Sport сияқты бағдарламалар арқылы жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Дүйсенғазы Мусин, Мұхтар Жұмағазиев, Әбдәлі Нұралиев және Сұлтан Дүйсембинов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болды. Сенаторлар парктің басшылығымен және мамандарымен кездесу барысында қорықтың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін арттыру, сондай-ақ шекара маңындағы аумақтарды дамыту, марал және омарта шаруашылығын жетілдіру, ауыл туризмі мәселелерін талқылады. Комитет мүшелері өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, олардың санын реттеу, экотуристік брендинг жасау, келушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру тетіктерін қарау жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сенаторлар сонымен қатар тарихи-мәдени және археологиялық экспонаттар сақталған Өрел, Ақсу, Шыңғыстай, Берел аумақтарына барды.