Қашанда нақты ісімен көш бастай білетін жетісулықтар дәстүрлі қымызханаларын биыл да республикамызда бірінші болып салтанатты түрде ашты. Мемлекеттік саясатқа сай саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қазақы құндылықты күнделікті өмірге енгізіп, халықтың көкейіндегі көп дүниені дөп басқан осынау игі шараның өскелең ұрпаққа берері мол. Ең бастысы, үлкеннің де, кішінің де денсаулығына шипа болар сары қымыз бен аппақ әрі қою шұбат адам ағзасына керемет сіңімді. Сондықтан өңір халқы асыға күткен ұлттық сусынға алғашқы күннен сұраныс артып отыр. Бұл қуанарлық жайт. Сөйтіп, Талдықорғанда 16 аудан мен 3 қаланың әрқайсысы өз ақшаңқан үйлерін тігіп, қала сәнін кіргізе түсті.
Сонымен, біз атбасын бұрған Іле аудандық шұбатхана кешенінің өзгелерден бірінші артықшылығы – мұнда қымыз бен шұбат бірдей сатылады. Дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар өз алдына. Салтанатты шараны ашуға арнайы келген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов: « Іле ауданында бірқатар жақсы істер істелінуде. Соның бір тармағы өндірістік кластер жақсы дамығандықтан аудан облыстық бюджетке түсетін салықтың үштен бір бөлігін беріп отыр. Бұл жер индустриялық аймақ болғандықтан шетелдік және қазақстандық кәсіпкерлер өз мүмкіндіктеріне орай халықты жұмыспен қамтамасыз етуде. Іле ауданында ауыл шаруашылығы саласы да жақсы дамығандықтан өз бағымындағы түйе шұбатын өңірде сатып қана қоймай, Елбасы қойып отырған талапқа сай ұлттық ерекшелікті танытатын құмыраларға құйып экспортқа шығару қадамы Мәскеуге жіберуден басталды», деді.
Бұл – уақыт талабы. Соны дер кезінде жүзеге асырып отырған аудандағы «Дәулет-Бекет» ЖШС 2001 жылы заңды тұлға ретінде тіркелген. Басты бағыты – мал шаруашылығы, оның ішінде түйе өсіру саласы. Шаруашылық 2008 жылы «асыл тұқымды түйе шаруашылығы» мәртебесін алды. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы санақта шаруашылықта 4412 бас түйе, оның ішінде інгені 1000 бас болды. Былтырғы жылы барлығы 795 тонна шұбат сатылса, оның ішінде құмыраға құйылғаны 250 тоннаға жетті. Мұндағы өндірілген шұбат Алматы, Астана, Қарағанды, Орал, Талдықорған қалаларындағы арнаулы орындар арқылы сатылатындығы туралы мағлұматты Іле ауданы әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев мәлім етті.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58