Жасөспірімдер мен жастар арасында болған «Қараөткел барысы» ашық турнирінің ашылу салтанатына Целиноград ауданының әкімі Бақберген Мәуленов, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелер Қараөткелден де болашақ чемпиондар шығуына ниеттес екенін жеткізді. Ал белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев турнирге қатысушыларға арнауын тарту етті.
Сонымен, 38 килода барлық қарсыласынан таза жеңіспен басым түскен Бекзат Жамбыл өз салмағында жеңімпаз атанса, 42 килода Абзал Солдыбаевқа тең келер ешкім табылмады. 46 кило салмақта бақ сынаған Жанат Бақытжан үшін ақтық сын күрделі болды. Оның қарсыласы Зейнеп Әділет те болашағынан зор үміт күттіретін балуан екен. Екеуінің теке-тіресіне жиналған жұрт разы болды. Нәтижесінде Жанаттың бағы жанды.
Сондай-ақ, Арай Қонысбай (51 кило), Аманбол Жанарбек (57 кило), Аманат Садық (60 кило), Қасымхан Ғани (70 кило), Жәнібек Сұлтан (+70 кило) өз салмақтарында жеңімпаз атанды. Ал «Түйе балуан» атағы мен оған тағайындалған 150 мың теңге Мерей Оспановқа бұйырды. Өзге жүлделілерге келсек, 1-орынға – 30 мың, 2-орынға – 20 мың және 3-орынға (екі балуанға) 10 мың теңгеден сыйақы үлестірілді. Турнир соңында жанкүйерлер мен спортшылар арасында лотерея ойнатылып, ұтысқа 3 теледидар мен 5 ұялы телефон қойылды.
Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан».

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58