Ауа райы • 11 Тамыз, 2022

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, күндізгі сағаттарда бұршақ болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау, Батыс Казақстан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі жалғасады.