Соңғы жылдары Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттауға білек сыбанып кірісіп жүрген белгілі дәстүрлі және эстрада әншісі Гүлбаршын Тергеубекова енді қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған, композитор Әбілахат Еспаевтың «Ақ сәуле» атты әніне бейнебаян түсірді.
Алдымен мына бір қызық деректі баяндай кеткен артық болмас. Гүлбаршынның арғы бабасы – атақты төбе билердің бірі – Қаз дауысты Қазыбек би. Ол былай таралады: Қаракесектің Шаншарынан Келдібек, одан Қазыбек би, бидің ұрпағы Сырымбеттен Тоқтыбай, оның ұлы Бітім, Бітімнен Тергеубек, Тергеубектен Мұхамедияр, Мұхамедиярдан Ыбырай. Ыбырай — Гүлбаршын Тергеубекованың әкесі.
Өзінің шыққан тегін мақтан тұтатын әнші соңғы он бес жылда тек шығармашылықпен айналысып келеді. Оның репертуарында құйқылжыған Арқа әндерімен қатар, бүгінгі заманауи эстрадалық әндер де бар. Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мәди, Майра, Үкілі Ыбырай және Қасым Аманжолов әндері Гүлбаршынның орындауында аса бір халықтық орындаушылық сипатқа ие болады.
Сонымен жаңа клип Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында түсірілген. Бейнабаянның қоюшы режиссері – жазушы, кинодраматург, тележүргізуші Дидар Амантай.
Бейнебаянды жасаушылар оны әннің лирикалық мазмұнына сай бимен көркемдеуге ұмтылған. Қазірдің өзінде клип бірқатар отандық телеарналардан көрсетіле бастады.
Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған Гүлбаршын Тергеубекова үш жылдан бері «Қасымның әндері-ай» атты концерттік жобаның авторы және продюсері ретінде танылып жүр.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58