Әкем жарықтық, (суретте) өле-өлгенше соғыстың қасіретін, адамзатқа салған ауыр жарасын айтып өтті. Өткенін еске алып, бүгінгі күніне шүкіршілік қылатын. «Ол кезеңді адам баласының басына бермесін. Сендер аман болыңдар, айналайындар», деп сәт сайын Алладан ұрпағының амандығын тілеуші еді.
Әкем Науат 1941 жылы соғыс өрті бұрқ ете қалған кезде әскер қатарына алынған екен. Біздің Көктерек ауылында сол жылдары 70 шақты түтін болса, соның ішінде екі-үшеуінен ғана басқа отбасылардың бәрінен бір-екі адамнан соғысқа аттаныпты. Көкем інісі Ынтымақ екеуі бірге аттанады. Қанды соғысты Сталинград шайқасынан бастайды. «Алғашқы кезде немістер қаланы түгел жауып тастады. Сталинградты қоршап алып, жергілікті халықты, оны қорғап тұрған әскерді аштықтан қырмақшы болды. «Адам ит-жанды» деген рас екен, шығын көп болса да, әскер де, халық та аяғына дейін шыдады. Әлі есімде... Қаланың шет жағына егіп, жердің астында қалып қойған картопты қыстың күндері түнделетіп барып қазып алып келіп, жан бақтық», – деп отырушы еді әкем марқұм.
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Әкеміз осы қантөгістен аман шығып, Берлинге дейін барды. Украина, Польша, Чехословакия елдерін азат етіп, небір жантүршігерлік жауыздықтардың куәсі болғанын көзіне жас алып, әңгіме қып отыратын. Жыл сайын Жеңіс мейрамына барған кезде әкеміз барлық орден-медальдарын тағып алатын. Онысы көп те еді. Әкеміз соғыста артиллерист болған. Кей кездері бізге зеңбіректі қалай оқтап, қалай оқ ататынын, қандай бөлшектері бар екенін айтып, оны қолмен көрсетіп, ынты-шынтымен кірісіп кетуші еді. Соғыстан аман-есен келіп, кеңшар басшысының орынбасары болып, ұзақ жылдар еңбек етті. Мақтаарал ауданында канал салу жұмыстарына елді ұйымдастырып апарып, өзі де белсеніп атсалысып, үлкен үлес қосты. Ал інісі Ынтымақ 1943 жылға дейін взвод командирі болып, сол жылы ауыр жарақат алып, елге оралды. 50 жылға жуық білім саласында жемісті еңбек етіп, 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Әрине, мұсылман баласы болғандықтан, әкемізге жиі құран бағыштап тұрамыз. Әйтсе де, соғысты көрген ардагерлер үшін Жеңіс күнінің орны бөлек қой. Тірі болғанда бар орден-медальдарын тағып алып, елдің алдында жарқырап жүрер еді, жарықтық әкем... Әкемнің жамбасы жерге 1980 жылы тиді. Бүгінде төрт ұлынан тараған ұрпақтары бір қауым ел болып отыр. Әкем айтпақшы, біз де өткенді еске алып, бүгінгі күнге жеткізген Аллаға мың мәртебе шүкіршілік дейміз. Өмірінің жалғасы бар. Лайым, тәуелсіз еліміздің әрбір таңы жарқырап, тыныштықпен ата берсін.
Оразтай ҮСІПБАЕВ.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданы.

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53