Қаржы • 12 Тамыз, 2022

Доллар бағамы төмендеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 476,01 теңгені құрап, тағы 1,45 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Ресей рублінің орташа бағамы 7,83 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 70,83 теңгені (-0,13) құрады.

Кешегі кешкі сауда қорытындысы бойынша еуро бағамы - 491,88 теңге.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 477-481 теңгеден, еуроны – 490-497 теңгеден сатып алады/сатады.

Рубль - 7,3-7,7 теңге.

Сонымен қатар 12 тамыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent-тегі қазан фьючерстерінің құны 0,49%-ға, барреліне $99,11-ға дейін төмендеді.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) қыркүйек айындағы электрондық сауда-саттығындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,56%-ға төмендеп, бір баррелі $93,81 болды.