Оқиға бүгін Түлкібас ауданы аумағында болған.
Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының 611- шақырымында үш жылқыны қағып, мерт қылған.
«Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер Түркістан қаласынан Алматыға қарай бағыт алған көліктің алдынан жолдың сол жақ бетінен бірнеше жылқы атып шығып, жол апаты орын алғанын анықтады. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның бірі - кәмелет жасқа толмаған бала.