07 Мамыр, 2014

Әскери атақ – мемлекет тарапынан берілген жоғары баға

599 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери және арнаулы атақтар тапсыру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отан қорғаушы күні қар­саң­ында Мемлекет басшысы, Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­басшысы кезекті жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ, сыныптық шендер тапсырды. Қатысушыларға арнаған сө­зін­де Нұрсұлтан Назарбаев олар­дың еліміздің қауіпсіздігін, оның шекарасының қорғалуын, тәуел­сіз мемлекет құрып жат­қан қазақстандықтардың бей­біт еңбегінің алаңсыздығын қам­та­масыз етіп отырғанын айтты. Бұған қоса, ол тарихи тұрғыдан Қарулы Күштер жастардың тәрбиесінде әрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті. – «Офицердің ар-намысы» де­ген ұғым ешқашан ұмытылған емес және оның мәні ешқашан да төмендеген жоқ. Жауынгердің нағыз ерлігі отаны мен халқы үшін өз өмірін қия білуінде. Отанға қызмет етудің үлгісін көрсете оты­рып, сіздер өскелең буынды тәр­биелеп, қоғамымыздың рухани негіздерін нығайта түсесіздер. Мемлекет сіздердің қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене атсалысатындарыңызға сенім артады. Сіздер бұл міндетті орындап, алған атақтарыңызды ақтайды деп сенемін, – деді Қазақстан Пре­зиденті. Мемлекет басшысы берілген атақтар бүкіл әскери қызмет бары­сындағы ерен еңбектің нәтижесі екеніне тоқталып өтті. – Бұл – мемлекет тарапынан бе­рілген жоғары баға. Генерал болу – зор мәртебе, сіздер оған лайықты болуға тиістісіздер. Мықты ден­сау­лық және қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан На­зар­баев. Салтанатты рәсім кезінде сөз сөйлеген офицерлер өздеріне берілген атақтар отандастардың қауіп­сіздігін қамтамасыз етіп отыр­ған барлық құрылымдарға берілген жоғары баға екенін айтты. Олар Қазақстан армиясының, құқық қорғау және арнаулы органдардың жақсы жарақтандырылғанын айтып, барлық күш-жігерлерін, тә­жі­рибелері мен білімдерін ел халқына қызмет етуге жұмсайтындарына сендірді. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған  адамдар тізімі Президенттің Жарлығында жарияланып отыр.