Спорт • 14 Тамыз, 2022

«Алтын доп» кімге бұйырады?

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әйгілі France Football басылымы өткен маусымның қорытындысы бойынша ең үздік футболшыларды анықтамақ. Күні кеше ғана «Алтын доптан» үмітті 30 ойыншының есімі жарияланды. Олардың қатарында мынадай аяқ­доп шеберлері бар:

«Алтын доп» кімге бұйырады?

Бірінші бестік: Тибо Куртуа («Реал», Бельгия), Рафаэл Леау («Милан», Пор­тугалия), Кристофер Нкунку («Лейпциг», Франция), Мұхамед Салах («Ливерпуль», Мысыр), Йозуа Киммих («Бавария», Германия). Екінші бестік: Трент Алек­сандер-Арнольд («Ливерпуль», Англия), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Бернарду Силва («Манчестер Сити», Португалия), Луис Диас («Ливерпуль», Колумбия), Роберт Левандовски («Бар­селона»/ «Бавария», Польша). Үшінші бестік: Рияд Марез («Манчестер Сити», Алжир), Каземиро («Реал», Бразилия), Сон Хын Мин («Тоттенхэм», Оңтүстік Корея), Фабиньо («Ливерпуль», Бра­зилия), Кәрім Бензема («Реал», Фран­ция). Төртінші бестік: Филип Фоден («Ман­честер Сити», Англия), Харри Кейн («Тоттенхэм», Англия), Садио Мане («Бавария»/«Ливерпуль», Сенегал), Дарвин Нуньес («Ливерпуль», Уругвай), Майк Меньян («Милан», Франция). Бесінші бестік: Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Себастьян Аллер («Боруссия» Дортмунд/«Аякс», Кот-д′Ивуар), Лука Модрич («Реал», Хорватия), Криштиану Роналду («Ман­честер Юнайтед», Португалия), Антонио Рюдигер («Реал»/«Челси», Германия). Ал­тыншы бестік: Жоау Канселу («Ман­честер Сити», Португалия), Эрлинг Хо­лан­д («Манчестер Сити»/«Боруссия» Дортмунд, Норвегия), Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль», Нидерланд) және Душан Влахович («Ювентус», Сербия).

Осылардың арасынан теңбіл доптың теңдессізі анықталғаннан соң «Алтын допты» табыс ету рәсімі биыл 17 қаза­нда Францияның бас ша­һары – Париждегі дю Шатле теат­рында өтеді. Бір айта кетерлігі, 2005 жыл­дан бері алғаш рет үміткерлер тізі­міне Аргентина құрама­сы мен ПСЖ клу­бының шабуылшысы Лионель Месси енбей қалды. Ол өзінің спорттық карьера­сында «Алтын допты» жеті мәрте иеленген болатын. Дәл осы мәртебелі сыйлық былтыр да Месси­ге табыс етілген еді. Алайда әлемдік фут­болдың шоқ жұл­дызының өткен мау­сымдағы өнері көп­шіліктің көңілінен шықпағаны рас.

Сонымен қатар France Football 21 жасқа толмаған жас футболшылардың арасынан да үздіктерді анықтайды. Бүгінгі таңда «Трофей Копа» (Kopa Trophy) сыйлығынан мына ойыншылар үмітті: Кәрім Адейеми («Боруссия» Дортмунд, Германия), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд, Англия), Эдуардо Камавинга («Реал», Франция), Гави («Барселона», Испания), Райан Гравенберх («Бавария», Нидерланд), Нуну Мендеш («ПСЖ», Португалия), Джамал Мусиала («Бавария», Германия), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг», Хорватия), Букайо Сака («Арсенал», Англия) және Флориан Вирц («Байер», Германия).