Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Он жылға сотталды

27 рет көрсетілді

Интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі сатқан 25 жастағы павлодарлық сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы операция кезінде қала тұрғынынан сатуға арналған 78 грамнан астам тыйым салынған заттар табылып, тәркіленген болатын. Есірткі полиэтилен пакеттерге салынып, оқшаулағыш лентамен оралған. Алдын ала тергеу барысында күдікті осындай қылмыстық жолмен өзінің қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде шешім қабылдағанын айтқан.

Қала тұрғыны синтетикалық есірткілерді сақ­тап, содан кейін оларды жасырын орындарға орналастырып келген. Кейіннен ол тұтынушыларға есірткі жасырылған орын және оның мөлшері тура­лы фото хабар беріп отырған. Сәтті жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, жігітті есірткі қыл­мысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қыз­меткерлері ұстап, кейіннен оған Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Қылмыстық істі сотта қарау барысында қала тұрғы­нының кінәсі толық дәлелденіп, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар

Жапонияда жер сілкінді

Әлем • Бүгін, 10:22

Ұқсас жаңалықтар