Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Сүңгуірлер Жайыққа батып кеткен баланың денесін іздестіріп жатыр

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 тамыз күні сағат 21:00-де Жайық өзенінде 2015 жылы туған бала суға батып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүңгуірлер Жайыққа батып кеткен баланың денесін іздестіріп жатыр

Қайғылы оқиға Қызыл балық ауылында болған. Сағат 22:25-тен басталған іздеулер нәтиже бермей, 00:27-де аяқталды. 15 тамызда сағат 7:30-да іздеу жұмыстары қайта жанданды.

«Іздеуге Атырау облысы ТЖД-нің төрт сүңгуірі, 1 техника бірлігі жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, бала жағалауда тұрған қайықта ойнап, абайсызда өзенге құлап, батып кеткен.