Қоғам • 15 Тамыз, 2022

ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

14 тамызда 2010 жылы туған Ахмеджанов Темірлан Тимурұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. ШҚО полиция департаменті хабарлағандай, баланың туыстары жоғалған сәттен бастап 10 сағаттан астам уақыт өткен соң полицияға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Темірлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай массивінің аумағында орналасқан үйден кетіп, қайтып оралмады.

Дабыл алған полиция қызметкерлері, құтқарушылар, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері мен еріктілер дереу іздестіруге кірісті. Қазір іздеу жұмыстарына 550-ден астам адам тартылған. Сонымен бір мезгілде хабар-ошарсыз кету фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Темірлан жоғалып кеткен кезінде оның үстінде көк түсті күрте, көк түсті трико (камуфляж), жасыл түсті аяқ киім болған.

Темірланның белгілері: бойы 140 см, орташа денелі, шашы қысқа, қара түсті, көздері ашық-қоңыр түсті, екі аяғының бас бармақтарында зақым бар.

«Бала ақыл-есі кем, жабық, жасырын, сөйлемейді деп сипатталады. Полиция ұқсас аурулары бар балаларды емдеуге мамандандырылған медицина қызметкерлерінен сауалнама жүргізді. Ол басқалардан әдейі жасырынып, өз атына жауап бермеуі мүмкін деген болжам бар», делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

и

Ведомствода атап өткендей, жоғалған баланың отбасы арнайы есепте тұрған жоқ.

«Анасы полицияға уақтылы жүгінбеді, ол бала үйіне өзі оралады деп болжаған. Жоғалған сәттен бастап полицияға жүгінген сәтке дейінгі уақыт аралығы 10 сағаттан асты», дейді департамент өкілдері.

Қазіргі уақытта шамамен 2,4 мың саяжай учаскелері бар алты бау-бақша қоғамының аумағын тексеру жүргізілуде, олардың көпшілігі қараусыз қалған жағдайда.

Сонымен қатар, 15 тамызда таңертең Жаңа Согра кентінің саяжай алабына жақын көпқабатты үйлерде тексеріс жүргізілді, шатырлы үй-жайлар мен жертөлелер қаралды.

Дүкендердің, соның ішінде азық-түлік дүкендерінің барлық қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.