Ауа райы • 15 Тамыз, 2022

Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері елдің солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді

«Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Алдағы тәуліктерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі», дейді синоптиктер.