Ауа райы • 15 Тамыз, 2022

Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 тамызда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с, Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.