Ауа райы • 16 Тамыз, 2022

16 тамызға арналға ауа райы болжамы

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 16 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 тамызға арналға ауа райы болжамы

«Ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысында өте қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.