Медицина • 17 Тамыз, 2022

Жұқпалы індеттен абай болған абзал

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаһандық індеттен бөлек, жіті ішек жұқпасы да меңдеп келеді. Жетісу облысының дәрігерлері тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Өңір бойынша соңғы 7 айда жіті ішек жұқпасының 352 жағдайы тіркелген, оның ішінде 219-ы 14 жасқа дейінгі балаларда кездесті. Былтырмен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 97,5 пайызға жоғарылаған, ал республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен.

Жұқпалы індеттен абай болған абзал

Жұқпаның таралу жолдары­ның анықталу көрсет­кіші – 79,2 пайыз, оның ішінде жүз па­йыз тағам арқылы өршуде. Тар­қатып айтсақ, 94,7 пайызы үй жағдайында дайындалған тағам арқылы, 3,5 пайызы жеміс-жи­дек, 1,8 пайызы басқалармен бай­­ла­ныс кезінде жұғуда. Тағам ар­қ­ы­л­ы берілуде үй жағдайында дайын­далған, жуылмаған жеміс-жидектер және тоңазытқышсыз сақ­талған азық-түлік басты фактор болуда. Есепті кезеңде облыс бойынша берілу факторлары қар­­быз және балмұздақпен бай­ланысты жағдайлар тіркелген жоқ.

Жіті ішек жұқпалары (ЖІЖ) – әртүрлі микроорганизмдермен шақырылатын, асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын көптеген аурудың тобы. Оның белгілері: іштегі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, ал ауыр жағдайларда – сусыздану. Аурудың бірінші белгілері байқалғанда дәрігерлік көмекке жүгініңіз, өз бетіңізше емделумен айналыспаңыз.

Ал КВИ-ге қарсы шаралар аясында бүгінде Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 318 705 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 82,8 пайызын құрайды. Ал екінші компонентті 306 569 азамат алды.

Сонымен қатар облыста ревакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 15 тамыздағы статистика бойынша, өңірде ревакциналау курсынан 139 649 адам өтті, яғни 62,4 пайыз. Оның ішінде 29 284 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакциналанды.

Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінде вакциналанған халық саны 34 973 адамды құрайды, оның ішінде 24 788 жасөспірім, 1 068 жүкті әйел және лактация кезеңіндегі 5 261 әйел бар. Вакцинаның екінші компонентін 33 749 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 24 038 болса, 1 006 жүкті және
5 109 бала емізетін әйел бар.

 

Жетісу облысы