Кезінде айқас алаңында ешкімнен жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысқан UFC чемпионы Нурмагомедовтің мұрындық болуымен Қазақстанда үшінші рет осындай дүбірлі дода ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жарыс Алматыда өтсе, екіншісін Ақтау қаласы қабылдады. Міне, ендігі турнирдің жалауы елорда төрінде желбірейді. Аталған жарыстың басты жекпе-жегінде 93 кило салмақтағы Дияр Нұрғожай Eagle FC промоушенінің чемпиондық белбеуі үшін таласады. Октагонда жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз 28 жастағы Ресей спортшысы Константин Андрейцевпен (18-14) айқасады. Егер Дияр бұл бәсекені өз пайдасына шешсе, онда ол бұл ұйымның алтын белбеуін иеленген тұңғыш қазақстандық файтер ретінде тарихта қалады.
21 тамызда Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle FC турнирі өтеді. Бұл жарысты тамашалау үшін осы промоушеннің қожайыны, әйгілі спортшы Хабиб Нурмагомедовтің өзі келеді деп күтілуде.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10