Ауа райы • 18 Тамыз, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК тамыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Кәсіпорын болжамына қарағанда, ауқымды Солтүстік Батыс антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар температуралық фон ақырындап төмендей береді. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі уақытта тұман түседі, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.