Әлем • 18 Тамыз, 2022

Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алжирдің солтүстік-шығысындағы Эль-Тарф және Сетиф қалаларында жалғасып жатқан орман өрттері салдарынан 26 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды

Алжир Ішкі істер министрі Камал Белджуд мемлекеттік телеарнада Туниспен шекаралас Эль-Тарф қаласында 24 адам, Сетиф қаласында тағы екі адам қаза тапқанын айтты. 

Ішкі істер министрлігінің басшысы соңғы күндері елдегі ауа температурасының 47 градустан асқанын атап өтті. 

Оның айтуынша, тамыз айының басынан бері Алжирдің көптеген қаласында 106 орман өрті тіркелген. Орман өрттері 2400 гектар аймақты шарпыған.

Жергілікті ақпарат құралдары Сук Ахрас қаласындағы елді мекендерден 350-ден астам адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025