Аймақтар • 18 Тамыз, 2022

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер ауданында түнде алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

Желіде Шығыс Қазақстанның биік таулы аймақтарында қар жауды деген ақпарат тарады. Суретте 1870 метр биіктікте орналасқан жерді қалың қар басқан.

«Риддердің өзінде де, метеостанцияда да қар жауған жоқ. Таулы аймақтарда жауын-шашын жауып жатыр. Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар», деді синоптиктер.

Сондай-ақ олар алдағы күндері облыстың барлық аумағында күн суытатынын айтты.

«Болжам бойынша облыстың таулы аймақтарында, Риддер қаласында, Катонқарағай ауданында, алдағы күндері жауын-шашын және бұрқасын түрінде жауын-шашын болады, шығыста күн суытып, үсік түсуі ықтимал», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде де минус 2 градусқа дейін айтарлықтай суытатыны ескертілді.