Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның айтуынша, бұдан былай тсенбі күндері қосымша сабақтар да өткізілмейді.
«Өңірдегі мектептердің барлығы бес күндік оқу аптасына көшеді. Сенбі-жексенбіде балалар да, мұғалімдер демалады. Қосымша сабақтар да өткізілмейді. Менің ойымша, бұл оқу процесінің сапасына, сондай-ақ балалардың денсаулығында да оң әсер етеді», деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.