Қоғам • 19 Тамыз, 2022

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы 10 миллиард теңге бөлінді

«Индустриялық даму қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында «Еуразиялық банк» АҚ-қа қалған 10 миллиард теңге лимитті бөлді», делінген хабарламада.

Сонымен, ИДҚ бағдарламаға қатысушы банктерді 100 миллиард теңге көлемінде қаржыландырды, оның ішінде:

«Еуразиялық банк» АҚ – 35 миллиард теңге;

«Банк ЦентрКредит» АҚ – 27,5 миллиард теңге;

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 22,5 миллиард теңге;

«Forte Bank» АҚ – 15 миллиард теңге.

«Бүгінде бағдарлама бойынша автокөлік сатып алуға 31 538 өтініш қабылданып, 95,517 миллиард теңгеге 12 483-і мақұлданды. Барлығы 77,068 миллиард теңгеге 10 015 автокөлік берілді», деді қордағылар. 

Автокөлік сатып алуға өтініштердің көпшілігі мына өңірлерден түскен:

Алматы - 7031;

Нұр-Сұлтан - 5381;

Шымкент - 4664;

Қостанай облысы - 2465;

Қарағанды облысы - 2109;

Шығыс Қазақстан облысы - 1732;

Павлодар облысы - 1442;

Ақтөбе облысы - 1144;

Жамбыл облысы - 1112;

Қызылорда облысы - 815;

Маңғыстау облысы - 720;

Атырау облысы - 616;

Батыс Қазақстан облысы - 594;

Ақмола облысы - 571;

Солтүстік Қазақстан облысы - 524;

Алматы облысы - 470;

Түркістан облысы - 148.

ИДҚ жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін еске салды. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие бастапқы қарыз алушылардың өтелген несие төлемдері есебінен беріледі.

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша револьверлік механизмді биыл қыркүйекте іске қосу жоспарланған, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады», деді қор өкілдері.