Аймақтар • 21 Тамыз, 2022

Спорт күніне стадион сыйлады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт күні қарсанында Жетісуда жаңа стадион ашылды. Сарқан қаласындағы Н.Островский мектеп-лицейінде орналасқан ойын алаңы шағын шаһардың сәнін келтіріп тұр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінген.

Спорт күніне стадион сыйлады

Бұған дейін оқушылар тозығы жеткен көне алаңда жаттығып келген еді. Қазір іске қосылған жаңа спорт алаңының жалпы көлемі 1 800 шаршы метр, онда жасанды газон жабындысы төселген футбол алаңы, арнайы жүгіруге арналған резеңке жолақты жол, баскетбол және волейбол алаңдары бар. Стадион құры­лысын «Millennium Story Group» ЖШС құрылыс­шы­лары жүргізген. Құрылыс жұ­мыстары биылғы маусым айында басталған болатын.

Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбековтің айтуынша, биылғы Балалар жылы аясында Сарқан қа­ласымен қатар, шалғай жат­қан Қарабөгет, Көкөзек, Алмалы, Қарғалы ауылдарында заман талабына сай екі шағын, екі үлкен – жалпы 4 футбол стадионы, 5 стрит-воркаут және 8 балалар алаңы салынып, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.

Бұған дейін маусым айының соңында Сарқан қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатына 300 адам­дық «Жетісу» бассейн орта­лығын ашқан болатын. Мұн­да келушілердің жас ерек­ше­лігіне қарай үш бассейн тиіс­ті қажеттіліктермен жаб­дықталған.

Жалпы, Спорт күніне арналған шаралардың аясында Сарқандағы «Жас­тар» саябағында ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің жәр­меңкесі өткізіліп, келу­шілерге нарықтағыдан төмен бағада 3 тонна көкөніс, 850 килодан астам ет, 300 литр сүт пен сүт өнімдері және басқа да азық-түліктер саудаланды.