Елорда • 23 Тамыз, 2022

Газға қосу жұмыстары жалғасуда

2437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті.

Газға қосу жұмыстары жалғасуда

Естеріңізге сала кетейік, газ тарату желілерінің құрылысы үш кезек­ке бөлінген. 2021 жылы бірінші ке­зек­тегі, сондай-ақ ішінара екінші ке­зек­те­гі құрылыс аяқталды. Екінші және үшінші кезектің қалған бөлігі бо­йынша жұмыстар 2022-2024 жыл­дар­ға жоспарланған.

«Бүгінде Көктал-1, Көктал-2, Агро­қа­лашық, Теміржолшылар, Про­мыш­ленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы мен сол жағы), Күйгенжар, Ми­чурино, Интернациональный елді мекендері, сондай-ақ Потанин көшесі ауданында қаланың ескі бөлігіндегі тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау же­лі­сі­нің құрылысы аяқталды», деді М.Есмағұлов.

Жалпы, елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Газға 4,6 мыңнан астам үй қосылған. Айта кету керек, ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды.

«Биыл ЖЭО-1-де тағы үш энер­ге­тикалық қазандық газға көші­рі­леді. 15 әлеуметтік нысанда газды іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұ­мыстары жүргізілуде. Сондай-ақ газға «Шарапат» әлеуметтік қызмет көр­сету орталығы, № 19 мектеп, №57 мектеп, «Мейіржан» балабақшасы, «Ақ­қанат» бөбекжайы және төрт көп­пә­терлі тұрғын үй қосылды», деп атап өтті бөлім басшысы. Сонымен қатар биыл Тұран, Тельман аудандық қазан­дық­тарына және Ильинка, Тель­ман, Пригородный, Family Village, Өндіріс елді мекендеріне газ жеткізу желісінің құрылысы басталды», деп атап өтті бөлім басшысы.

Сонымен қатар ол елорда тұрғын­да­рының газ жылдам қосылу үшін қандай шаралар қолданылғанын айтты.

«Тұрғындарға газға көшуге көмек­те­су үшін елорда әкімдігі бірқатар шара қабылдады. Қосылу үшін құ­жат­тар тізімі де қысқартылды. Тегін газды есептеу құралдары беріледі. Ха­лықтың әлеуметтік осал топта­ры­на 430 мың теңге көлемінде ақша­лай өтемақы көрсетілуде. Үйді газдан­ды­ру­ға банктер арқылы 1,5 жылға 750 мың теңгеге дейін бөліп төлеу және пайызсыз кредит беру бар», деді ол.

Сондай-ақ әкімдік пен «Қаз­Транс­Газ» жобасы бойынша әр­бір үйдің қор­шауына дейін желілер жүр­­гізі­ле­тінін еске салды. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес, тұр­ғындар нарықтық тәртіпте газбен жаб­дықтау желісіне қосылуға аккредиттелген жеке компанияны жалдайды және газды тікелей үйге өздері жүр­гізеді.

«Құны мен шарттары нарық дең­ге­йінде болып саналады, еш­қан­дай мемлекеттік орган да, «Қаз­Транс­Газ» ұлттық операторы да бұл қыз­мет­ті рет­те­мейді», деп атап өтті М.Есмағұлов.

Сондай-ақ басқармада елді ме­кен­дерді газдандыру және энер­гия көз­дерін газға ауыстыру шыға­рын­ды­­ларды жылына 40 мың тоннаға дейін төмендететінін, сондай-ақ газ бал­лондарын пайдалануға байланыс­ты төтенше жағдайларды азайтатынын атап өтті. Газдандыруға қатысты барлық мәселе бойынша аудандық әкімдіктерге және «ҚазТрансГаз Ай­мақ» АҚ-ға Республика даңғылы 24 ме­кенжайы бойынша немесе 55-89-75
телефоны бойынша хабарласуға болады.