Әлем • 24 Тамыз, 2022

Индонезияда жер сілкінді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның батысындағы Бенгкулу провинциясында магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияда жер сілкінді

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Джакарта уақытымен 21:31-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы Каур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 64 шақырым жерде орналасқан. Гипоцентр теңіз түбінің 12 км тереңдігінде тіркелген.