Әлем • 24 Тамыз, 2022

Таиланд премьер-министрі қызметінен босатылды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Конституциялық соты премьер-министр Прают Чан-Очуды қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

 

Таиланд премьер-министрі қызметінен босатылды

Басылым мәліметінше, шенеуніктің өкілеттілік мерзімі аяқталған соң, премьер-министр қызметін қайта жалғастыруы сот шешіміне байланысты.

Сот қызметтен кетуін растайтын құжаттарды қарады. Өтініште көрсетілген фактілер оның жұмыстан кетуіне негіз бола алады. Көпшілік Чан-Очуды қызметінен босату керек деп дауыс берді. Осылайша, 2022 жылғы 24 тамызда премьер-министр сот үкіміне дейін қызметінен босатылды.

Сот премьер-министрдің конституциядағы мерзімге шектеу тармағын бұзғаны туралы шешімді қашан шығаратынын айтпады. 

Таиланд заңы бойынша, саясаткердің міндетін депутаттар арасында бірінші орында тұрған вице-премьер Правит Вонгсуван қабылдайды.

Айта кетейік, Таиландта Конституция заңы бойынша премьер-министрдің өкілеттілігі сегіз жыл. Бұл 2017 жылы қабылданған Конституцияда көрсетілген.