Ғылым • 25 Тамыз, 2022

Қазақстанда ғалымдарды қолдау бағдарламасы әзірленеді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов  елімізде алғаш рет өткен «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында отандық ғылым саласына ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ғалымдарды қолдау бағдарламасы әзірленеді

Ералы Тоғжановтың айтуынша, отандық ғылымды дамытудың негізгі басымдығы - ғалымдарды жүйелі қолдау. Осыған байланысты ол ғылыми қызметке бейімділігі бар балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Айта кетсек, соңғы жылдары аталған жүйе өнер саласында сәтті қолданылып келеді. Болашақ режиссерлер мен музыканттар орта мектептен бастап оқытылады және мамандандырылған колледждер мен университеттерде білімін әрі қарай жалғастырады.

«Зерттеу жүргізіп, үлкен жаңалық ашуға әлеуеті бар ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды тарту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ шетелден тартылатын дарынды қазақстандық ғалымдар тізілімінің ақпараттық базасын құруды жеделдету қажет», деді Премьер-Министрдің орынбасары форум барысында.

Бұл ретте Қазақстанда ғылыми кадрлар жетіспейтінін айта кеткен жөн. Егер Тәуелсіздік жылдарының басында елде шамамен 52 мың ғылыми қызметкер болса, қазір барлығы 22 мың адам ҒЗИ мен ЖОО базасында жұмыс істейді.