Қазақстан • 26 Тамыз, 2022

Жаңа облыстардан Сенат депутаттары сайланды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа облыстардан Сенат депутаттары сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Абай облысынан:

  • Байахметов Бақытжан Кәкенқаджыұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
  • Айнұр Серікпайқызы Арғынбекова (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Жетісу облысынан:

  • Толамисов Амангелді Ғабдылқарымұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
  • Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);

Ұлытау облысынан:

  • Медебаев Советбек Тұрсынұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне);
  • Шайдаров Серік Жаманқұлұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне).

Айта кетсек, Парламент Сенатының депутаттары 6 жыл мерзімге сайланады. Сонымен қатар, олардың жартысы әр 3 жыл сайын қайта сайланады.