14 Мамыр, 2014

Көкшетауда "Wifi bus" жобасы іске қосылды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1896904_837744019574032_2067207113_n Бұл туралы Beeline Қазақстан компаниясының корпоротивтік комуникациялар директоры Алексей Бендьз (суретте) хабарлады. Қалалық қоғамдық көліктерде интернетке тегін қосылуға мүмкіндік беретін кең көлемді "Wifi bus" республикалық жобасы бастапқыда "сынақтық режим" ретінде Петропавл қаласында басталған болатын. Жобаға мамыр айынан бастап Көкшетау қаласы да қосылды. Бұдан кейін бұл бастама Түркістан, Қарағанды, Орал,  Қостанай, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында іске қосылады. Изображение - savepic.net — сервис хранения изображений 3G WiFi-роутерлерді – барлық ниет білдірушілер үшін бүкіл әлемдік желіге қосылу мүмкіндігін тарататын арнайы аспаптарды, қалалық автобустарда орнатқанның арқасында Көкшетау қаласының тұрғындары ұшқыр интернетке қол жеткізе алатын болды. Бүгінгі таңда осындай жабдығы бар 10 автобус қалада жүр, алдағы уақытта олардың санын айтарлықтай арттыру көзделуде. Интернетке қосылу үшін Wi-Fi қолдану мүмкіндігі бар құрылғы – смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті. «Beeline Қазақстан компаниясының осындай қызықты да, қала үшін қажетті жобаны іске қосқаны үшін қуаныштымыз. Ол тұрғындарға қала бойынша жүру барысында, жоғары жылдамдықты интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Оның қоғамдық көліктегі қызмет көрсетуді жақсарта түсетіні және жүргіншілерді арттыра түсетіні күмәнсыз», - деп «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-ның директоры Шаримова Асия. «WiFi Bus» жобасы Beeline ұсынған 3G желісі арқылы таралады және клиенттерге бүкіл Қазақстан бойынша мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Данияр Алан.