Елорда • 26 Тамыз, 2022

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірлік тауар өндірушілер Нұр-Сұлтанға тауарларын әкеліп, жәрмеңке өткізеді. Ол 13 қарашаға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді. Елордада алғашқы болып Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке маусымын 27 тамыз күні Түркістан облысы ашады. Өңірден келген 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 535 тонна өнім ұсынады. 

«Түркістан облысының тауар өндірушілері 113,5 тонна ет және ет өнімдерін, 165,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 72 тонна сүт өнімдерін, 69 тонна бақша өнімдерін, 34 тонна жеміс-жидек, 8 тонна бал, 31 тонна жеміс шырыны мен консервіленген өнімдерді, 11 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 2 тонна нан-тоқаш өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатып ала алады. Жәрмеңке концерттік бағдарламамен жалғасады», деді Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов әкімдікте өткен онлайн брифингте. 

го

Биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңнан «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумаққа ауысты.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаровтың айтуынша, жәрмеңкелер «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңда, Тұран 48 мекен жайында өтеді.

е

«Жалпы апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өз жұмысын осы жылдың 11 маусымында бастады. Оған Ақмола және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ СҚО-ның тауар өндірушілері қатысты. Тек 2 күннің ішінде жәрмеңкеде 100 тонна өнім сатылды. Сонымен қатар елордада екі аудан аумағында демалыс күндері жәрмеңкелер өтеді. Есіл ауданында - Сауран көшесі, 7 мекенжайы бойынша», деді Сапаров.

Алматы ауданында жәрмеңке Жүргенов көшесі, 27 мекенжайы бойынша өтеді. Өткізу күндері: сенбі-жексенбі. Жәрмеңкеге азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер, Қарағанды және Ақмола облыстарының жақын аудандарындағы шаруа қожалықтары, сондай-ақ Шапағат базарының көтерме саудамен айналысушылары қатысады.