«Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №16 санында басылымымыздың Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі Фарида Бықайдың «Тұрғындар аң-таң...» атауымен шағын мақаласы жарық көрген болатын. Осыған орай Павлодар облысы әкімдігінен жауап келді.
Онда былай делінеді: «Мақала бойынша Ертіс ауданы әкімдігінен ақпарат беруді талап еттік. Газетте көтерілген мәселеге қатысты Ертіс ауданы әкімдігі мынадай анықтама жолдады: «2013 жылы Ертіс ауылының орталық алаңы мен аллеясын жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ауданның орталық алаңы мен аллеясын жаңғырту бойынша жиналыс өтті. Бұл жиналысқа жергілікті атқарушы билік өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, Ертіс ауданының құрметті азаматтары, зейнеткерлер қатысты. Жиналыста «Ленин ескерткішін көшіру туралы» шешім қабылданған. Қазіргі таңда Ленин ескерткішінің орнына БМП (танк) орнатылған. Бұл танк әкімдік алдына уақытша қойылған. Қазіргі таңда БМП-ның орнына Қажымұқан немесе «Бәйтерек» ескерткішін орнату бойынша қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр».