Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Президент заңсыз көлік тасымалына тосқауыл қоюды тапсырды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы шетелден әкелінетін көліктерді заңдастыруды ұсынды. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент заңсыз көлік тасымалына тосқауыл қоюды тапсырды

«Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.

Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы керек», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президенттің қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.