Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Кез-келген ашық арандатушылық қатаң жазаланады

8943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты Egemen.kz.

Кез-келген ашық арандатушылық қатаң жазаланады

«Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс», деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамдарды қатаң жазалап, нақты шаралар қабылдау керек.

«Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді», деді Президент.