Президент • 01 Қыркүйек, 2022

Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді

973 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. 

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет екендігін атап өтті.

«Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», деді Президент.