Қоғам • 01 Қыркүйек, 2022

Жолдауда медициналық сапаны жақсарту бойынша нақты міндеттер қойылды

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Қисықова Мемлекет басшысы жолдауда Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолдауда медициналық сапаны жақсарту бойынша нақты міндеттер қойылды

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, мазмұнының өзектілігін атап өткім келеді. Жолдау барлық қазақстандықтарға қатысты екені сөзсіз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды», деді ол.

Президент келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Екі жыл ішінде қазіргі кезде  медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер  салынып,  толықтай жабдықталады.  Осылайша мемлекет  миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді. Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады», деді Сәуле Қисықова.

Сонымен қатар,  шалғай аудандардың тұрғындарының білікті  көмек алуына мүмкіндік беретін телемедицина дамиды. Жолдауда денсаулық сақтау саласындағы, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттер қойылды.