Сұхбат • 01 Қыркүйек, 2022

Неліктен отандық азық-түлік өндірістері жарты күшпен жұмыс істейді?

305 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Қазақстандық тұтынушы заттаңбада мәлімделген табиғи ингредиенттердің орнына көбіне тұтас алмастырғыштар мен суррогаттар болатын төмен сұрыпты импорттық өнімдерден шаршады. Мұнымен не істеу керек және неге мемлекет күмәнді сападағы импорттық тауарларға толы нарықты бақылаудан өзін-өзі шеттетеді? Egemen.kz редакциясы осы сұрақтарға жауаптарды «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС бас директоры Хадиша Бижанмен бірге табуға тырысты.

Неліктен отандық азық-түлік өндірістері жарты күшпен жұмыс істейді?

Хадиша Нұртайқызы, супермаркет сөрелеріндегі импорттық өнімдердің басым болуы бүкіл Қазақстан үшін өзекті мәселе. Сіздің ойыңызша, Алматы мен Алматы облысындағы жағдай қандай? Сіздің бағалауыңыз бойынша, сауда желілеріндегі импорт қанша үлеске ие?

Біздің бағалауымыз бойынша етті қайта өңдеудің импорттық өнімі қазақстандық сауда желілерінде көлемнің кемінде жартысын алады. Алматы мен Алматы облысында – шамамен 40%. Мысалы, солтүстік облыстарда импорт біздің сегментте супермаркеттер сөрелерінде 70%-ға дейін орын алады.

Өндірушілер сауда желілері мен супермаркеттердің сөрелеріне жету үшін өте қолайсыз жағдайларға баруға тура келетіндеріне шағымданады. Бұл расымен солай ма және бұл қандай шарттар? Желілермен жұмыс жасау кезінде қандай шарттар сізді қанағаттандырмайды?

Өндірушілерді көптеген факторлар қанағаттандырмайды. Мысалы, супермаркет сөрелеріндегі ұсынушылық деңгейі, сатып алушы үшін тауардың жеткілікті көрінбеуі. Көбінесе импортталған өнім жақсырақ көрінеді, ыңғайлы позицияларды алады.

Желілердің отандық жеткізушілерге қатынасы бізді қанағаттандырмайды. Мәселе мынада, барлық келісімшарттар желілердің мүддесі үшін белгіленеді, сонымен қатар олар түпкілікті нәтиже үшін өздерінің жауапкершілігін барынша азайтуға тырысады. Бұл өнімнің сақталуына, оны сатудың тиімділігіне және басқа да көптеген аспектілерге қатысты. Трейдерлер өз мүдделерін қорғайды, бірақ өндірушіні де түсіну керек. Ол тауарды өндіру бойынша үлкен шығындарды көтереді және оны тиімді өткізуі керек. Бірақ бұл оңай емес, өйткені ірі желілер бөлшек сауда нарығында іс жүзінде монополист болып табылады. Мысалы, Алматыда олардың үлесіне сауда алаңдарының 70%-ға дейін тиесілі. Жағдай лажсыз – үлкен желілермен келісіп, олардың шарттарына көнуге тура келеді.

Ритейлермен жеткізілген тауарларды уақтылы төлеуде проблемалар бар. Өткен көктемде біз тіпті өндірісті тоқтата тұрдық, бұл біздің жұмысымызға теріс әсер етті. Тағы бір мәселе – егер бөлшек сауда желісі немесе жеке супермаркет жабылса, онда сіз жеткізілген тауарлардың барлығын, оның құнын жоғалтып алуыңыз ықтимал.

Бір ғана көрнекті мысал келтірейін. «КеңMart» деп аталатын сауда желілерінің бірі Жаңа жылға дейін кенеттен жабылып қалды. Осы кезеңде қандай үлкен айналымдар болғанын елестете аласыз ба? Ол жерде біздің тауардың айтарлықтай көлемі қалды, оның ақысы сол күйі төленбеді. Және шындықты таба алмайсыз – компания жоқ, ешкім қарызды қайтармайды. Бізде компаниялар жай ғана жабылып, нарықтан ешкімге төлемей кетуіне болады екен! Мұндайға жол бермеу үшін мемлекет тарапынан кепілдіктер қажет. Қазір банкроттық кезіндегі наразылықтардың кезектілігі бар: бірінші кезекте – қызметкерлердің жалақысы бойынша қарыздар жабылады, екінші кезекте – мемлекетке салықтар, содан кейін жалдау және басқа да төлемдер, ең соңында жеткізушілерге қарыздар. Ал «КеңMart»-пен оның қарызын өндірушілерге ешкім мүлдем өтемеген. Егер мұндай жазасыздық сақталса, онда басқа желілердің иелері осылай жасауға болатынын көреді. Өкінішке орай, бүгінгі күні жеткізуші ешқалай қорғалмаған. Жеткізушінің алдындағы жауапкершілік, оның ішінде заңды, қаржылық жауапкершілік тетіктерін өзгерту қажет. Бұл шарттардың емес, бұл жалпы құқықтық, регламенттік база мәселесі.

Көптеген елдерде, атап айтқанда Еуропада, муниципалитеттер жергілікті өндірушілердің өнімдері нарықта басымдыққа ие болуын бақылайды. Біздің қазақстандық өндірушілер өз тауарларын бөлшек саудада және жалпы нарықта кедергісіз өткізе алуы үшін оларды кім және қалай қолдайды?

Мемлекеттік деңгейде ешкім қолдау көрсетпейді. Біз нарықта қандай да бір протекционизмді көрмейміз. Әуелі бізге ең болмағанда отандық тауарды насихаттау қажет. Халық қазақстандық өнім – анағұрлым сапалы, табиғи дегенді бідіретінін түсінуі керек. Тұтынушыда «тауарлық патриотизмді» тәрбиелеу қажет – дәл осымен Еуропада белсенді айналысады. Бізге сау мемлекеттік протекционизм қажет. Кезінде «Қазақстандық өнімді сатып ал», «Қазақстанда жасалған» тауарды таңда» деген жақсы ақпараттық науқан болды, желілерде осындай ұрандары бар арнайы таңбаланған сөрелер болды – бірақ бүгінде бұл ұмытылды. Билік мұнымен айналыспайды, ал сауда желілеріне бұл қажет емес – олар өз пайдасы үшін жұмыс істейді, нәтижесінде сөрелерде біз импорттық өнімнің үстемдігін көреміз.

Қазақстанға ЕАЭО және ДСҰ қағидаттары мен нормаларына қайшы келмейтін салауатты мемлекеттік протекционизм саясаты қажет. Әзірге, өкінішке орай, мемлекет тарапынан мұндай қолдауды көріп отырған жоқпыз. Бөлшек сауда желілеріндегі барлық жеңілдіктер мен акциялар өндірушінің есебінен болады. Нәтижесінде, біз көбінесе өнімді өзіндік құны бойынша немесе одан да арзанға бере отырып, ештеңе таппаймыз. Сонымен қатар, сауда желісіне науқанды жарнамалау үшін, олардың буклеттерінде ілгерілету үшін, сөрелердегі арнайы науқандық жапсырмалар үшін ақы төлеу керек.

«Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру мәселелеріне арналған бірқатар дөңгелек үстелдер өтті, онда өндірушілер жергілікті өнімнің импорттан сапалырақ екенін, бұл ретте сауда желілері сапасы онша жақсы емес импорттық өнімді сатып алатынын айтты. Мұндай жағдайға қатысты не ойлайсыз?

Шұжық немесе басқа ет өнімдерінің сапасы оған қанша ет қосылатынына байланысты. Тұтынушы бір килограмм үшін 2500-3000 теңгеден төмен бөлшек саудада сатылатын шұжық өнімдерінің еті жоқ немесе жоқтың қасы екенін ескергені жөн. Онда шикізат қолданылады, әрі кетсе тауықтың терісі немесе ұсақтап, дәмдеуіштермен дәмін келтірген тауық қаңқасы болады. Ал біздің нарықта килограмы үшін 600-700 теңге бағасымен импорттық тауар кездеседі, және де маған, ет өндірісінің технологы ретінде өндірушінің ол жерге не қосқанын елестету де қиын. Мен өз тәжірибемнен бұл ет емес екенін нақты айта аламын. Бұл ретте, кейде шетелдік жеткізушілер бізді шұжықпен емес, жасанды нәрсемен тамақтандырады деп айтуға болады.

Адал өндіріс технологияларын пайдаланатын отандық өндірушілер мұндай демпингтік импорт тарапынан жосықсыз бәсекелестікке тап болады. Мемлекеттік органдар импорттық өнімнің сапасын, оның затбелгідегі ингредиенттерге сәйкестігін бақылауы қажет. Бүгінгі таңда мұндай бақылау осы өнімнің біздің нарыққа кіруінің бастапқы кезеңінде ғана бар.

Салыстыру үшін өз өнімдерімізді Мәскеудің бөлшек сауда желілерінің біріне қалай экспорттағанымызға мысал келтіре аламын. Басында Ресей билігі бізге дұрыс таңбаланбағаны үшін, екінші рет – өнімде болмауы тиіс тауықтың ДНҚ-сын тапқаны үшін жеткізілім жасауға тыйым салды. Осыдан кейін біздің жеткізілімдерімізді толығымен жауып тастады.

Ал біздің нарық кез-келген импортталған тауарлар үшін айқара ашық. СЭС органдарымен тауарды алғашқы әкелу кезеңінде үш жылда бір рет тексеріледі. Әрине, тексеру үшін жеткізушілер жоғары сапалы өнімдерді үлгі ретінде әкеледі. Ал тексеруден өткен кезде - белгісіз ингредиенттері бар тауарлар ағынын «жібереді». Осы тұрғыда салыстырыңыз -  ресейлік қадағалау органдарының біздің дүкендерімізбен қалай айналысатынын жоғарыда айттым. Елестетіп көріңізші: Мәскеудегі біздің жеті шағын дүкеніміз сегіз ай ішінде үш рет тексерілді. Сонымен қатар, барлық ассортимент, сараптамамен, үлгілерді алумен. Неге бізде импорттық тауармен сөрелерде дәл солай болмайды?

Егер мемлекет жосықсыз жеткізушілерді алып тастаса, егер ашық сапасыз өнімдер әкелетіндер кетсе, ішкі нарықта жұмыс істеу және бәсекелес болу оңайырақ болар еді. Бірақ әзірге бұлай емес.

Осылайша, импорттық тауарлармен бәсекелестік әділетсіз болып тұр ма?

Мүлдем әділетсіз. Нәтижесінде отандық тауар бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Төмен сұрыпты өнімді әкелу арқылы шетелдік жеткізушілер бағаны төмендетеді. Ал сауда желілері әрқашан арзан нәрсені сатып алуға дайын. Біріншіден, арзан тауарлар жақсы сатып алынады. Екіншіден, мұндай өнімде олар жоғары айналым арқылы ғана емес, сонымен қатар үстеме баға арқылы да пайда табады: сатып алу бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым жоғары сауда үстемелерін орнатуға болады.

Мемлекеттік қолдауға келетін болсақ, сізге бір нақты мысал келтірейін. Беларусь үкіметі ет өндіруші-экспорттаушыларды субсидиялайды, яғни олардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей қолдау көрсетеді деп естідік. Біз мұны нарықта сезінеміз: жоғары баға санатындағы Беларусь өнімі салыстырмалы сапада біздікінен әлдеқайда арзан. Нәтижесінде экспорттық рыноктарды айтпағанда, тіпті ішкі рынокта да бәсекелесу біз үшін қиын. Біздің ойымызша, мұндай тәжірибеге ЕАЭО-да тыйым салынуы тиіс. Мысалы, Еуропалық Одақта мұндай біржақты протекционизм құбылыс ретінде алынып тасталады, өйткені мұндай саясатты жүргізетін елдің өндірушілері артықшылыққа ие болатынын және басқаларды нарықтан шығаратынын барлығы түсінеді. Және бұл әділетсіз. ЕАЭО деңгейінде ұқсас бірыңғай саясат қажет.

Тағы бір мысал. ЕАЭО–ның басқа елдерінен ет өнімдерінің көптеген жеткізушілері өз тауарларын жеке кәсіпкерлер – ЖК ретінде оңайлатылған схема бойынша сатады. Менің ойымша, қазір барлық танымал белорусстық дүкендер ЖК ретінде жұмыс істейді және айналымнан 3% салығын төлейді және сонымен болды. Біз барлық өнімді ЖШС ретінде бөлшектеп жеткіземіз және ресми түрде ҚҚС мен КТС төлейміз. Бұл жерде де біз шетелдік жеткізушілермен тең емес қаржылық жағдайға қойылғанбыз. Бізде тек 12% ҚҚС бар, яғни шетелдік өндірушінің пайдасына кем дегенде 9%.

Көптеген отандық өндірістер бар әлінше жұмыс істемейді, өйткені олар өз өнімдерін қалыпты сата алмайды. Қолдаудың жоқтығы тек ішкі нарықта ғана емес – өте қиын, жылдар бойы экспорт мәселелері шешілуде. Тағы да біздің мысалды алайық. 2020 жылы біз Алатау ауданы аумағында жаңа ет өңдеу зауытын салып, өнімімізді Қытайға экспорттайтын боламыз дедік. Меморандумға қол қойылды, үкіметіміз осы бағытта қытайлық әріптестерімен жұмыс істеді. Зауыттың өнімділігі 20 тоннаны құрады: 15 тонна дайын өнім және 5 тонна жартылай фабрикаттар. Қазіргі уақытта кәсіпорын бар жоғы 30-35%-ға жүктелген, өйткені келісу процесі өте ұзақ жүріп жатыр: Ауыл шаруашылығы министрлігімен құжаттар жоқ, ветеринария мәселелері келісілмеген…

Жергілікті азық-түліктің тұтынушыларға қол жетімділік мәселесі бірінші жыл емес, бірақ ол еш шешілмейді. Мемлекеттік органдар бізде еркін нарық және сауда желілері оның қатысушылары екенін айтады. Егер азық-түлік өнімдерін өндірудің отандық саласы ең көп дегенде жартылай жұмыс істеп, оның жергілікті нарықтағы үлесі үнемі қысқарып отыр деген болса, өз өндірістерін қорғау мәселесін заңнамалық деңгейде шешетін кез келді емес пе? Және дәлірек айтқанда қалай?

Әкелінетін өнімнің қажетті сапасына қол жеткізе отырып, тексерулермен ғана әсер етуге болады. Мемлекет біздің отандық өндірушіні, атап айтқанда бөлшек сауда желілері деңгейінде қорғап, салауатты протекционизм саясатын жүзеге асыра алады деп ойлаймын. Бәсекелестіктің әділ болуы үшін әрбір шетелдік және жергілікті өндіруші заттаңбада өз өнімінің толық компоненттік құрамын – ол неден жасалғанын көрсету үшін норманы заңнамалық түрде енгізу (және оның орындалуын қатаң бақылау) қажет. Сатып алушы өнімді сатып алғанда, оның ішінде не бар екенін әрдайым оқи алатындай болуы керек: тауық терісі, сүйектер және басқа да механикалық процестен өткен өнімдер, соя, түрлі химиялық қоюландырғыштар мен бояғыштар – толығымен! Ресми түрде, бізде нұсқаулар мен ішкі ережелер деңгейінде мұндай талап бар, бірақ оның орындалуын ешкім бақыламайды. Жосықсыз өндірушілер мен жеткізушілер мұны барлық жерде қолданады.

Санитарлық нормаларда, ЕАЭО стандарттарында және МЕМСТ-те әрбір нақты ингредиенттің ең аз және ең көп мөлшері нақты жазылған. Мысалы, шұжық өнімдеріндегі еттің минималды рұқсат етілген үлесі, сояның максималды үлесі және т.б. Бұл нормаларға сәйкестікті үнемі бақылау сатып алу әдісімен тексеру қажет, және бұл жұмыс толығымен уәкілетті мемлекеттік органдарға, атап айтқанда санэпидқадағалауға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылау құрылымдарына байланысты. Олардың нақты әрекетсіздігінің нәтижесінде нарықта көптеген өнімдер пайда болды, онда заттаңбада бір нәрсе көрсетілген, ал іс жүзінде – мүлдем басқа. Нәтижесінде, адал өндіруші мұндай жағдайларда жосықсыз бәсекелестіктен ұтылады. Нарықтың сапасы тұтастай алғанда зардап шегеді. Ол ашығын айтқанда, шалағай, төмен сұрыпты өнімдерге толы. Мәселе жеке өндірушілердің осы немесе басқа «туындысының» қаншалықты дәмді немесе дәмсіз екендігінде ғана емес. Мәселе мұндай сапасыз өнімнің денсаулыққа зиянында болып тұр. Мұнымен мемлекет қатаң түрде айналысуы керек, өйткені денсаулық сақтау министрлігінің шамадан тыс шығындарын төлеуге тура келеді.

Менің ойымша, заң шығарушы, жарияланған құрамға сәйкес келмейтін өнімді сату үшін бөлшек сауда желілерінің де, жеткізушілердің де жауапкершілік тетіктерін енгізу туралы ойланғаны жөн. Басқа елдерден келген ірі жеткізушілер үшін де сезілетін айыппұл тетіктерін қарастыру керек. Шетелдік көпшілік қолданатын тұтыну тауарларына кең жасыл көшені ашпай, отандық желілерді қолдауға арналған сауда желілерін ынталандыратын шаралармен жұмыс жасау қажет.