13 Мамыр, 2014

Бұл – батыл да сенімді іс-қимыл нәтижесі

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президентінің атына Оңтүстік Калифорния университетінің мемлекеттік басқару құрметті профессоры Честер Ньюландтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында профессор Қа­зақ­станның әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктеріне, оның өңірлік әрі жаһандық көшбасшы ретіндегі 1992 жылдан бергі ор­нықты дамуына тоқталған. Ч.Ньюланд тәуелсіздіктің бас­тапқы жылдарында жүргізілген өзгерістерді іске асыру кезіндегі батылдықты ерекше атап өткен. «Зейнеткерлер мен өзге де көп­шілік көмекке аса мұқтаж бол­ған қиын кезеңдегі Сіз бен біз­дің аз уақыт қана кездескеніміз есім­де. Сіз халықтың атынан олар­дың күнкөрісіне ғана емес, Қа­зақстанның жарқын болашағына кепілдік бере отырып, сенімді әрекет еттіңіз. Астананың қалып­тасуының алғашқы кездеріндегі көптеген қиындықтар да ойға оралады, қазір бұл  сол кезде көптеген сын-қатерлер қарсаңында тұрған елдің ең бір көреген шешімі ретінде мойындалып отыр», – деп жазады автор. Профессор қабылданған «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы ел­дің одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді деген пі­кі­­рін білдіреді. Сон­дай-ақ, ол Қа­зақ­станның бүгінде конститу­циялық институттардың нығаюы, заңның үстемдігі сала­сында көш басынан көрінуін жал­ғастырып отырғанын айтады. Ч.Ньюланд саяси лауа­зым­ға тағайындалатындар саны­ның қыс­қартылуы, «А» бас­қару­шылар кор­пусының құры­луы және Мем­лекет басшы­сының басшылығымен мемле­кеттік қызметтің кең ау­қымда кәсі­би­лендірілуі маңызды жетістіктер екеніне назар аударған. Хатының соңында автор Қа­зақстанға әлемдегі жаһандық сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған айрықша рөлі үшін ри­зашылық, сондай-ақ, еліміздің одан әрі қарай қарқынды дамуына деген сенім білдіреді.