13 Мамыр, 2014

Елбасының апталық кестесі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті 19-20 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытай компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. 21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған. Онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.