Әлем • 02 Қыркүйек, 2022

Германия Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Берлиннің Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын және Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету мәселесі Германия үкіметінің күн тәртібінде жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады

Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы министр Прагада өткен кездесуде айтқан. 

Бербок Германия билігінің Украинаны қолдауын жалғастыратынын және неміс сайлаушыларының бұл мәселедегі тілектерінің ескерілмейтінін атап өтті. 

«Егер мен украин халқына «бірге боламын» деп уәде берсем, мен бұл сөзімде тұрамын. Германиядағы сайлаушылардың не ойлайтыны маңызды емес. Мен уәде еткендей, Украинаны қолдаймын», деді ол. 

Сондай-ақ ол Германияда электр қуатының қымбаттауы аясындағы наразылық үкіметті Ресей Федерациясына қарсы санкциялардан бас тартуға мәжбүрлемейтінін айтты. 

Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украинаның шығысындағы Донбасста арнайы әскери операция басталғанын хабарлаған еді.