АСТАНА. 13 мамыр. 2015 жылдың мамырында Ұлттық банкі еліміздің 2020 жылға дейінгі ақша-несие саясатының тұжырымдамасын ұсынады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Төрағаның айтуынша, 2020 жылға дейінгі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын көрсететін аталмыш құжатты Ұлттық банкі 2015 жылдың мамырына қарай әзірлейді.
Бұл тұжырымдаманы жасарда екінші деңгейлі банктер, сақтандыру ұйымдары және қаржы институттары қатыстырылады.
Сондай-ақ, брифингте Қайрат Келімбетов қазақстандық банктер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Базель - III» талаптарын орындауға дайын болатынын жеткізді. Осыған байланысты ол: «2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер «Базель - III» талаптарына көше бастайды. Алғашқы үш жылда оларға қойылар талаптар іс жүзінде өзгермейді. Жалпы, банктер 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай дайын болады және «Базель - III» Қазақстанға енгізіледі деп жоспарлап отырмыз», – деді.
Бұдан бөлек, төраға еліміздің банктері кез келген қаржылық құрылымдарға, әсіресе, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қаржы институттарына лайықты бәсекелес болуы қажет екенін атап өтті.
«Кеден одағы елдері банктерінің бірлескен активтерінде қазақстандық банктер 5 пайызға ие. Ресей банктерінің алғашқы жиырмасының ірі бірлескен активтері орта есеппен алғанда бір банкке 61 млрд. доллардан тиеді. Ал, алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің бірлескен активі – бір банкке орта есеппен 11 млрд. доллардан келеді. Бәсекеге қабілеттілік туралы айтқанда біз бәрінен бұрын Кедендік одақ елдерінің банктерімен бәсекелестікке шыдауға дайын болуымыз керек», – деді ол.
Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов жұмыс істемейтін қарыздар екінші деңгейлі банктердің несие қоржынының 30 пайызын немесе шамамен үштен бір бөлігін құрайтынын, бұл жағдайды ретке келтіру керектігін сөз етті.
Сондай-ақ, ол екінші деңгейлі банктерге бұрын соңды болмаған салық жеңілдіктері берілетінін де атап өтті.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: primeminister.kz.

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45